Бүгін Астана қаласында «Ораза айт мерекесіне» орай, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ және де Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында арқан тартыс, қол күресі, асық ату және гір тасын көтеру бойынша спорттық ойын түрлерінен жарыс өтті. Спорттық шараға 820 қатысушы және Астана қаласына қарасты «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіттерінің жамағаттары қатысты.
Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс жоғары деңгейде өтті.
Қатысушылар арнайы алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мешіт жамағатының ауыз біршілігін арттыру, ынтымақ, бірлігін нығайту бағытындағы шаралар өз жалғасын таба бермек.
{gallery}news/2018/06/15{/gallery}