+7 (7172) 26-63-47

Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!

Сіздерді 7 шілде күні Астана күніне орай өтетін ат спорты конкурдан қалалық ашық турнирін тамашалауға шақырамыз!

Бағы мен бабы келіскен сымбаты мен сыны, жүрісі мен жылдамдығы үйлескен сәйгүліктер сайыстың жеті бағдары бойынша сынға түседі.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды.

Жарыстың басталуы сағат 10.00-де, Астана маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде өтеді. Кіру тегін!

Қадірлі ағайын, жүрісімен тамсандырған сәйгүліктер мен қарагөз-бойжеткендеріміздің, жігерлі-жігіттеріміздің өнерін сынайтын, қазанаттарымыз қажыр-күшін көрсететін қалалық ашық турниріне барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамыз!

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және елордалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.