+7 (7172) 26-63-47

Өткізу уақыты мен орны: 28 шілде 2018 жыл, Астана қаласы,Триатлон саябағы аумағында; Старттық пакеттердің берілу уақыты 6.30-7.30; Транзиттік аймақтың жабылуы 07:45. Брифинг 07:45. Басталуы 08:00.
Басталу қалашығы мен транзиттік аймақ Триатлон саябағында орналасқан.

Су кезеңінің өткізілу аймағы: Триатлон саябағы аумағындағы Есіл өзені – 1 айналым-750 метр;

Велокезеңнің өткізілу аймағы: 20 км, картаға сәйкес;
Жүгіру кезеңінің өткізілу аймағы: 5 км, Триатлон саябағы.
Жарыс кезеңдерінің Ережелері мен кезеңдерінің карталары elordasport.kz, triathlonastana.kz. сайттарында көрсетілген.
Ауа-райы және басқа кездейсоқ жағдайларға байланысты ұйымдастырушылар жарыс ережесіне өзгерістер енгізе алады (басталу уақытының өзгеруі, жүзуді алып тастау).
Қатысушылар дәрежесі:
18 – 29 жас (ерлер, әйелдер);
30 – 39 жас (ерлер, әйелдер);
40 – 49 жас (ерлер, әйелдер);
50 – 59 жас (ерлер, әйелдер);
60 жас және үлкен.
- Жалпы лимит: 2 сағат 00 минут.
- Қатысушылар Лимиті: 300 адамға дейін.
Жарысқа денсаулығы жарамды және физикалық дайындығы бар, 18-ден асқан ерлер мен әйелдер қатыса алады.
Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға емделу шығындарын өтейтін сақтандыру полисін алуға кеңес береді.
Старт пакетін алу кезінде қатысушылар жарыста денсаулыққа зиянды және жарақат алатындай жағдайларға өзі жауапты екендігі көрсетілген өтінішке қол қояюға міндетті.
Қашықтықты өту Қатысушының жауапкершілігінде. Басқа Қатысушыларға қауіп тудырған кез-келген Қатысушы Бас төрешінің шешімімен шеттетіледі.
Қатысушыларда ұйымдастырушылар қамтамасыз еткен хронометражды чип болу керек, Қатысушы оны аяғына (сирақ) жапсырады.Чипі жоқ қатысушы мәре хаттамасындағы уақыт пен орыннан айырылады. Чип тіркеуде, транзиттік аймаққа кірер алдында қатысушы нөміріне сәйкес беріледі.
Жарысқа қатысу үшін Қатысушы тіркеу рәсімін Астана қаласы триатлон федерациясының сайтында triathlonastana.kz. өтуі керек.
- Тіркелген қатысушы жарыс Ережесімен келіседі.
- Қатысушы жеке өзі старттық пакетті алуы тиіс.
- Старттық пакетті басқа тұлғаға беруге қатаң тыйым салынған.
- Старттық пакет тек жеке куәлік көрсетілген жағдайда беріледі.
- Старттық пакеттердің берілу күні, старт алдында-28 шілде.
- Старттық пакет белбейге арналған нөмірден, велосипедке арналған нөмірден, хронометражды чиптен, ақпарат бүктемесінен, жарыс серіктестерінің материалдарынан тұрады.
Старттық пакет жарнасы - 5000 тенге.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Велосипедке арналған дулығасы жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді!
 
- Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды қоршаған ортаға құрметпен қарауды сұрайды. Қоқысты транзиттік аймақ пен тамақтану зоналарындағы арнайы бөлінген орындарға тастау қажет. Еррежені бұзу ескертумен шектеледі немесе жарыстан шеттетіледі.
- Жеке велосипед, дулыға, қалпақтың болуы міндетті түрде. Ұйымдастырушылар велосипед, дулыға, қалпақ бермейді.
Барлық ережелер мен тәртіптер сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңыз үшін жасалған. Жарыс шарттарын орындауды өтініп сұраймыз.Тәртіп бұзушылар жарыстан шеттетіледі немесе қара тізімге енгізіліп кейінгі жарыстарға жіберілмейді.
- Ұйымдастырушылар бағдарға, жарыс форматына, басталу және тіркеу уақытына өзгерістер енгізуге құқылы.
- 18 жастан кіші тұлғалар жарысқа жіберілмейді.
- Қатысушы өз денсаулығына өзі жауап береді және өз бетімен жарыс шарттарымен және жарыс бағдарымен танысуы тиіс.
- Өз нөмірін басқа тұлғаға беруге тыйым салынады.
- Тауға немесе тасжолға арналған велосипедтерге рұқсат, қатысушы тек өздігінен жүретін және тежегіші жоқ (фикс) велосипедпен жүре алмайды.
Тәртіп пен тазалықты сақтауларыңызды сұраймыз. Желім қағаздарын, тәттілерді, бос бөтелке және т.б. жол бойына тастауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Тәртіп сақталмаған жағдайда жарыстан шеттетіледі.
Ұйымдастырушылар қатысушының денсаулығына жауап бермейді.
Техникалық қызмет көрсету: сөре алдында баптауға, майлауға, дөңгелек үрлеуге арналған тегін вело-сервис болады.
Қатысушы нөмірі жарыстың басынан аяғына дейін қатысушының үстінде киюлі болуы тиіс!