+7 (7172) 26-63-47

Париж Олимпиадасының іріктеу турниріне қатысатын спортшыларды анықтау мақсатында өтіп жатқан ел чемпионатының кезекті сайыс күні аяқталды.

Әйелдер күресінен 10 салмақта 107 бұрымды бозкілем шеберлері сынға түсті. Бүгінгі бәсекеде Астаналық бұрымдылар алтынды да, күмісті де, қоланы да қанжығаларына байлады.

Нақтырақ айтқанда, 53 келідегі Жұлдыз Эшимова, 57 келідегі Эмма Тисина, 59 келідегі Диана Каюмова және  76 келідегі су жана чемпион  атанған Жәмила Бақбергенова алтыннан алқа тағып, жанкүйерлерін қуантты. Ал, 76 келіде суырылып шыққан су жана чемпионның сыңары Мадина Бақбергенова (68 кг) жарақатына байланысты күміс жүлдегер атанды. Қола жүлдеге 50 келі салмақта сынға түскен Светлана Анкичева мен Гүлмарал Еркебаева (76кг)  қол жеткізді.

Осылайша Астаналық арулар ел чемпионатында 4 алтын, 1 күміс және 2 қола еншілеп, жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.

Астана қаласының нәтижелері:

50 келі

Лаура Ғаниқызы (Алматы қ.)

Ирина Жәнібекова (Қарағанды обл)

Камила Әпекова (Павлодар обл.)

Светлана Анкичева (Астана қ.)

53 келі

Жұлдыз Эшимова (Астана қ.)

Аяжан Марқашева (Түркістан обл)

Марина Седнева (Алматы обл.)

Мадина Жеңісқызы (Алматы қ.)

57 келі

Эмма Тисина (Астана қ.)

Алтын Шағаева (Алматы обл.)

Лаура Алмағанбетова (Қостанай обл.)

Шұғыла Өмірбек (Түркістан обл.)

59 келі

Диана Каюмова (Астана қ.)

Гүлдана Бекеш (Қарағанды обл.)

Екатерина Бельченко (СҚО)

Мадина Аман (Түркістан обл.)

68 келі

Елена Шалыгина (Шымкент қ.)

Мадина Бақбергенова (Астана қ.)

Бейбіт Сейдуалы (Шымкент қ.)

Альбина Қайыргелдинова (Ақмола обл.)

76 келі

Жәмила Бақбергенова (Астана қ.)

Эльмира Сыздықова (Қарағанды обл.)

Гүлмарал Еркебаева (Астана қ.)

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

 ЖАЛПЫ 10 САЛМАҚ БОЙЫНША  ЖҮЛДЕ КЕСТЕСІ

1⃣ Астана қ. — 🥇4 алтын, 🥈1 күміс, 🥉2 қола

2⃣ Қарағанды обл. — 🥇1 алтын, 🥈4 күміс

3⃣ Алматы қ. — 🥇1 алтын, 🥈2 күміс, 🥉3 қола

4⃣ Ақмола обл. — 🥇1 алтын, 🥈1 күміс, 🥉1 қола

5⃣ Шымкент қ. — 🥇1 алтын, 🥉1 қола