Сіздерді Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған конкурдан қалалық чемпионатын тамашалауға шақырады!
Бағы мен бабы келіскен сымбаты мен сыны, жүрісі мен жылдамдығы үйлескен сәйгүліктер сайыстың алты бағдары бойынша сынға түседі.
Жарыс санаттары:
- №1 маршрут «Ашық санаты» (6 жастан асқан қоса алғанда). 120 см-ге дейінгі кедергілердің биіктігі (секірумен).
- №2 маршрут «Балалар санаты» (12 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда). Кедергі биіктігі 100 см (секірумен).
- №3 маршрут «Ашық санаты» Кедергі биіктігі 100 см-ге дейін (екі фаза) 12 жастан асқан шабандоздар, 5 жастан асқан аттар.
- №4 маршрут «ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Кубок» 130 см-ге дейін биіктігі (секірумен) 16 жастан асқан шабандоздар, 6 жастан асқан аттар.
- №5 маршрут «Ашық санаты». Биіктігі 110 см-ге дейін (екі фаза), 15 жастан асқан шабандоздар, 5 жастан асқан аттар.
- №6 маршрут «4 жастағы жас аттар категориясы». Биіктігі 80 см-ге дейін (секірумен) 16 жастан асқан шабандоздар.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды.
Жарыстың басталуы сағат 10:00-де. Кіру тегін!
Қадірлі ағайын, ұлы даланы көркімен сүйсіндіріп, жүрісімен тамсандырған сәйгүліктер мен қарагөз-бойжеткендеріміздің, жігерлі-жігіттеріміздің өнерін сынайтын, қазанаттарымыз қажыр-күшін көрсететін қалалық чемпионатына барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамыз!
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.
Өтетін орны: «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені (Қарқаралы тас жолы,1)
Өткізу күні мен уақыты:
14 желтоқсан сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Жарыстың ашылу салтанаты сағат 10:00-де.