Байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 аралығында Астанадағы "add Table Tennis Center Astana" (Қабанбай батыр даңғылы 47/1) үстел теннисі орталығында өтпек.
Халықаралық турнирге 19 елден 150-ге жуық пара спортшы қатысады деп жоспарлануда. Айтулы додада ел намысын Астана қаласының пара спортшылары да қорғайды. Атап айтқанда, елордалық Айдарханова Сәуле, Таш Балзия, Степанова Александра, Ержанқызы Алтынай, Қайдасова Гүлмира, Жақыпбек Райымбек Алиева Жанна, Гильфанов Ринат және Никитин Денис қатысады.
Үстел теннисінен Астана қаласының аға жаттықтырушы Геннадий Геррасименко Халықаралық турнирге спортшылардың дайындығы қарқынды екенін атап өтті.
- «ITTF Fa20 Astana para open 2024-халықаралық рейтингте орын алуға, сондай-ақ халықаралық классификациясы жоқ спортшылар үшін халықаралық классификация алуға тамаша мүмкіндік. Үстел теннисінде мүгедектік тобына байланысты спортшыларға халықаралық дәреже беріледі. Халықаралық сыныпқа ие бола отырып, спортшы осы сыныпта халықаралық жарыстарда өнер көрсете алады. Мысалы, арбадағы спортшыларға 1-5 класс , тірек - қимыл аппараты зақымданған спортшыларға 6-10 класс , интелликтуалды мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға 11 класс беріледі (оның ішінде басқа санаттарға бөлінеді). Бұл турнирге біздің спортшылар алты ай бойы дайындалды. Біз күнделікті жаттығуға-3 сағат уақыт бөлеміз, сонымен қатар жалпы дене шынықтыруға ерекше назар аударамыз. Жаттығу кезінде әр спортшыға жеке ойын әдісі мен техникасы жасалады. Біздің елімізде халықаралық жарыстар өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Біздің спортшылар жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін» -дейді ол.
Айта кетейік, халықаралық турнир тірек–қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында, сондай-ақ интелликтуалды мүмкіндіктері шектеуі спортшылар арасында өткізіледі.