+7 (7172) 26-63-47

2026 жылғы 6 шілде күні, Астана күніне және қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны, әлемге әйгілі күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай елордада республикалық «Толағай» алыптар сайысы өтеді.
 
Дәстүрлі күш сынасу додасы Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда (Абай даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында) ұйымдастырылады.
 
Жарыстың басталу уақыты – сағат 15:00.
 
Сайыс барысында еліміздің әр өңірінен келген ең мықты спортшылар алты кезең бойынша өзара бақ сынап, күш-қайраты, төзімділігі мен ептілігін паш етеді.
 
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
 
Барша елорда тұрғындары мен қала қонақтарын республикалық «Толағай» алыптар сайысын тамашалап, еліміздің ең күшті спортшыларына қолдау көрсетуге шақырамыз!