Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 17 ақпан күні сағат 11.00 өтетін «Қыс өрнегі» шаңғы фестиваліне шақырамыз! Тіркелу 10.00. Дәстүрлі шаңғы жарысына жыл сайын 2000-нан астам адам қатысады.
Жарысқа қатысушылар түрлі жас санатында шаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, және мотокросс сынды спорт түрлері бойынша күш сынасады.
Аталмыш шараға 12-60 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алады.
Аталған фестивальге қатысушылар 17 ақпанда, таңғы сағат 10.00-ден бастап Триатлон саябағында (Есіл өзені) тіркеледі.
Дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалі – елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға болып саналады. Отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Астана қаласының әкімдігі, «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ елорда қонақтары мен тұрғындарын айтулы шараға белсене қатысуға шақырады.
Өтетін орны: Астана Триатлон парк .Жарысқа тіркелу уақыты –сағат -10.00-де.
Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі сағат -11.00-де.
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
Ақпарат үшін: 8707 446 84 78