+7 (7172) 26-63-47

modernizaciasite

23 қазан күні «Астана Арена» стадионында «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алуды жаңғырту» бағдарламасы аясында «Астана» ФК негізгі құрамының футболшылары өскелең ұрпаққа шеберлік сабақтарын көрсетті. Шеберлік сабақтары кезінде футболшылар балалармен әңгімелесу өткізіп, оларды салауатты өмір салтын сақтауға,дене шынықтыру мен спортпен айналысуға шақырды.

- Сендер дұрыс жолға түстіңдер,спортпен көбірек айналысатындарыңа, тек футбол емес басқа спорт түрлерін де меңгересіңдер деп сенемін. Сендердің барлықтарыңа мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін,шындық пен ақиқат жолы-ең дұрыс жол екенін үнемі есте сақтаңдар,-деп айтып өтті балаларға айтқан әңгімесінде «Астана» ФК негізгі құрамының футболшысы Евгений Постников.