+7 (7172) 26-63-47

Садақ атудан еңбек сіңірген жаттықтырушы Светлана Лиді еске алуға арналған IV Grand Prix Kazakhstan халықаралық ашық турнирі өз мәресіне жетті.

Жарыстың басты ерекшелігі - спортшылар Астанадағы «Хан-Шатыр» сауда кешенінде көпшіліктің алдында өнер көрсетуі.

Биыл елімізде дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылып жатқан додаға 250-ден астам әуесқой және кәсіпқой спортшылар қатысты.

Блоктық садақ ату. Ерлер

Финал.

Андрей Тютюн - Акбарали Қарабаев 149:145

3-орын. Бунёд Мирзаметов

«Арнайы шақыртумен жарысқа екінші мәрте қатысып жатырмын. Ешқандай қобалжу болмады. Турнир сауда кешенінде өткендіктен атмосферасы – ерекше. Блоктық ату Олимпиада бағдарламасына кірмесе де, ересектер мен жастар арасында Әлем чемпионаты, жазғы Азия ойындары сынды ірі бәсекелерде жеңіске жету жоспарым бар. Ал шешуші қарсыласым Акбарали Қарабаевпен тек финалда ғана 4-5 мәрте жолығып, алма-кезек жеңіске жетіп жүрміз», - деді жарыс жеңімпазы Андрей Тютюн.

Әйелдер

Финал.

Роксана Юнусова - Айман Амангелді 140:136

3-орын. Виктория Лян

Классикалық садақ ату. Әйелдер

Финал.

Диана Тұрсынбек - Ю Тенг Менг (Қытай) 6:5

3-орын. Алина Теміралиева

Ерлер

Финал

Ильфат Абдуллин - Хуанг Жу Фа (Қытай) 7:1

3-орын. Иван Берча

«Бүгінгі турнирді ресми жарыс деп есептеудің қажеті жоқ. Ірі додаларда 70 метр қашықтықтан атып, кімнің қаншалықты мықты, әлсіз екенін анықтасақ, 18 метрде кімнің болса да, бағы жанып кетуі мүмкін. Бастысы нысанаға 10-дыққа дәл тигізіп, аз қателесу керек», - деді жарыс жеңімпазы Ильфат Абдуллин.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды.

Енді садақ атушылар 20 қараша күні Ақтау қаласында жылдың соңғы бәсекесі - Қазақстан чемпионатында сынға түседі.