Астанада құрлықтық хоккей лигасы жұлдыздарының апталығы аяқталды. Біздің астанамыз үшін бұл Құрлықтық, Жастар және Әйелдер лигасының кездесуі үлкен символикаға ие,оныншы рет өткізіліп отырған мерейтойлық кездесу. 2018 жылғы қысқы маусымның басты шарасы – 10 қаңтарда басталған ҚХЛ апталығы туралы ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко айтып өтті.
-Хоккей жұлдыздары апталығын Астана қаласында өткізу идеясы кездейсоқ емес. Қазақстанның астанасы-инфроқұрылымы дамыған қала,ҚХЛ үшін заманауи және ыңғайлы ареналары бар. Бізге Қазақстан тұрғындары хоккейді ұнататыны белгілі,осы ойынның қыр-сырын жақсы білгендіктен жұлдыздар апталығының қонақтары мен қатысушыларын қуанышпен қарсы алады деген ойдамыз. Біз іс-шараны өткізу деңгейін арттыру үшін келісімге қол қойдық. Астана-2018 жұлдызды шоу тарихындағы есте қаларлық оқиға болады деген сенімдеміз,- деп атап өтті ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және ҚХЛ вице-президенті Георгий Кобылянский қатысып, символикалық түрдегі шайба лақтыру дәстүрін орындады.
Жұлдыздар апталығының бірінші күні Әйелдер хоккей лигасының Шығыс және Батыс құрама командалары арасында матч өтіп,«Восток» құрамасы қыздарының қазақ ұлттық киімнде орындаған «Қара жорға» биі есте қалды. «Восток» құрама командасына «Астана» хоккей клубының екі қорғаушысы - Фатима Китайбекова және Ғалия Нұрғалиева, «Запад» құрамасына «Айсұлу» алматылық клубының хоккейшісі Зарина Тухтиева кірді. ҚХЛ жұлдыздар апталығы тек қана жанкүйерлер мен қала тұрғындарына ғана емес қатысушыларға да ұмытылмас әсерлер қалдырды.
- Мен үшін бұл үлкен тосын сый болды-ойнау,қарау,өзіңді көрсету. Бізді өте жақсы қарсы алды. Қыздар өте қонақжай,мейірман және ақжарқын,-деді Фатима Китайбекова тілшілерге берген сұхбатында.
Жастар Хоккей лигасының қарсы шығу Кубогы меморандумда бекітіліген бағдарлама бойынша 11 қаңтар күні болып, үздік жас ойыншылар қатысты. Сергей Старыгин-«Снежный барстың» тәлімгері,жас ойыншылар - Самат Дманияр, Ернар Мұсабаев Жастар Хоккей лигасының қарсы шығу Кубогының жаттықтырушылары есебінде өнер көрсетті.
« «Қазақстан» спорт кешенінде 13 қаңтар күні ҚХЛ бойтұмарларлары астаналықтар мен елорда қонақтарына мұздағы шоу көрсетті» деп жазды әкімдіктің ресми сайтының тілшісі.
Жолбарыс,бүркіт, мысық және аю киіміндегі өнер көрсетушілердің мұздағы шоулары елге ұнады. Бойтұмарлар ырғақты әуенге билеп,қонақтармен құшақтасып көңілдерін көтерді.
Жұлдыздар апталығы аясында Астана қаласында бойтұмарлар қатысуымен бірнеше шара жоспарланған.
«Спортшылардың өзінен басқа Балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервінің бойтұмарлары қатысты. Бойтұмарлар мұз алаңдарына барып,хоккейдің кеңінен таралуына үлестерін қосуда. Жас хоккейшілер мен ҚХЛ бойтұмарлары кішкентай балалар үшін қуаныш сыйлап, мұзда бірге сырғанап көңілдерін көтерді»,- деп әңгімелейді шоу ұйымдастырушылары.