+7 (7172) 26-63-47

Әлемде «Қызғылт қазан» деген атпен белгілі сүт безі обырына қарсы күрес айы аясында Астанада Pink Run жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік-спорттық іс-шара 19 қазан күні таңғы сағат 9:00-де басталады. Жарысқа Қазақстанның түрлі өңірінен келген онколог дәрігерлер ғана емес, олардың пациенттері, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтар да қатысады. Қатысушыларға кез келген адам тегін қосыла алады.

Жүгіру қашықтығы – 1.3 км және 3.9 км. Бастапқы пакеттерді беру сағат 8:00-де басталады. Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды марапаттау және лотерея ұтыс ойыны өтеді.

Іс-шараның мақсаты – сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мен ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы қоғамдық хабардарлықты арттыру.

Pink Run жүгіру – бұл жай ғана спорттық іс-шара емес, үміт, күш пен бірліктің символы және қоғамның назарын тұрақты медициналық тексерулердің қажеттілігіне аудару мүмкіндігі. Жарыс Астана әкімдігі мен іс-шараның демеушілерінің қолдауымен ұйымдастырылады.