19 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ кеңсесінде ұжыммен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы басты бағыттармен және басты тапсырмалармен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мекеме басшысы Имашев Азамат Болатұлы сөз сөйлеп, кадр бөлімінің инспекторы Нуртаева Жанар Алимхановна түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Елбасының Халыққа Жолдауы 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланып, мемлекет дамуының 10 бағытын ұсынды:
1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнындарын цифрландыру жүйесі арқылы дамытып,заманауи бизнес-модельдерін игеру қажет.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Ақпараттық-технологиялық шешімдерді қабылдау керек. Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.
3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Сандық технологияларды енгізу мен Intelligent Transportation жүйесінің пайда болуы жүк қозғалысын жылдамдатады.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттардың энерготиімділік талаптарына сай болуы, инфроқұрылымды интеллектуалды басқару құралдары қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады.
6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». Банк жүйесін сауықтыру шаралары азаматтардың пайдасына атқарылуы тиіс. Банк иелерінің жауапкершілігін арттыру қажет. Несие беру шараларын реттеп, қаржы нарығын дамытуға күш жұмсау қажет.
7. Адами капитал – жаңғыру негізі. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.
Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.
2016-2017 жылы әлеуметтік төлемдер үш рет көбейді. Базалық зейнетақы-29%- ға,борышты зейнетақы-32%- ға,денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы-28% дейін,білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысы-29% дейін,мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы - на 30% -ға өсті. Бұл үрдіс жалғасын табады.
Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады. Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.
8. Тиімді мемлекеттік басқару. Мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс. Аймақтардың экономикалық өзін-өзі басқаруы жергілікті өзін-өзі басқаруы кеңеймек.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.