+7 (7172) 26-63-47

IMG 4793

17 мамыр күні Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда«Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ және «Таза ниет – Астана» КҚ ұйымдастырумен «Спорт барлығы үшін -2018» атты қайырымдылық фестивалі өтті. 

 Аталмыш шара балаларды қорғау күніне орай, қатарынан екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Фестивальге 200-ден астам бала қатысты.

Қайырымдылық іс-шараның мақсаты – қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балдардың мәселесіне көпшіліктің назарын аудару, қолдау көрсету. Салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақты спортпен айналасуға, өнерді суюге үйрету. 

Іс-шараға  Астана қаласының  Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, қоғамдық қордың жетекшісі Бану Ысқақова,  қала тұрғындары, студенттер және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата- аналары  қатысты.

 «Астана» футбол клубының ойыншылары Серікжан Мужиков, Евгений Постников, Станислав Павлов және Марин Томасов балаларға футболдың қыр-сырын үйретті.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың кәсіпқой футболышлармен бірге спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретінін және осының арқасында олардың спортқа деген махаббаты арта түседі. Сонымен қатар арнайы әзірленген жаттығулар мен әдістемелер бүлдіршендердің дене даярлығын жақсартуға көмектесетінің айтты.

{gallery}news/2018/05/18-2{/gallery}