+7 (7172) 26-63-47

Құрметті елордалықтар, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН онлайн турнир жарысы өтеді. Онлайн ашық турнирі 20-22 қараша күндері сағат 11:00-де  аралығында Play OK. платформасында қашықтықта өткізіледі.
Жарыс қатысушылары  19 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 17.00 дейін тіркеле алады. Жарыс рапид жүйесінде, 3 жас санаты бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, төрешілер WhatsAp месенджері арқылы, қашықтықта төрешілік жүргізеді.

Жарыс 3 жас  санаттары бойынша:

 12 жасқа дейін балалар;
 13-40 жас аралығында (ерлер/әйелдер);
 40 жастан жоғары ардагерлер.

Ескерту!!! Қатысушы ойынға 15 мин кешіккен жағдайда ойыннан жеңілген болып есептелінеді. Қатысушы ойын барысында интернет дұрыс жұмыс жасамай , ойнай алмай қалған жағдайда жеңілген болып есептелінеді.

Тіркелу үшін: Жауапты: Өнербек Ерлан  Тел.: 8 701 909 66 77
                   Бас төреші: Қонарбаев Нұржан  Тел.: 8705 709 02 22
Ұйымдастырушылар: «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру  және спорт басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.