Бүгін елордамызда «Нұрал» спорт мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрметті қонақтар ретінде Астана қаласының әкімі Әсет Өрентайұлы мен ҰРККФ Президенті,Қазақстан Республикасы Парлементі Мәжілісінің депутаты Оксикбаев Омархан Нұртайұлы, Қазақстан Республикасының Парламенті сенатының депутаты Калетаев Дархан Аманұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Мусайбеков Сәкен Жүнісбекұлы шақырылды.
Елордамыздың спорттық өмірінің жарқын іс-шаралар мен жағымды оқиғаларға, және ірі жеңістерге толы болуының өзі жаңа құрылыс нысандарын салуға күш пен мақсат беруде. «Нұрал» спорттық мектебі заманауилығымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда спорт мектебінде 214 спортшы 6 спорт түрі бойынша жаттығуда: бокс, киокушинкай-кан каратэ, дзюдо, таеквондо, қазақша күрес, джиу-джитсу.
«Нұрал» спорт мектебі киокушинкай-кан каратэ құрама командасының халықаралық деңгейдегі жарыстар алдындағы оқу-жаттығу жиындарының негізгі жаттығу базасы болып табылады.
Аталған спорт мектебі күрес пен шығыс жекпе-жектеріне арналған жаттығу залдарымен,дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ сабақтарын жүргізуге арналған оқу сыныптарымен қамтамасыз етілген. Спортшыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында шағын сауна, асхана, дәрігер бөлмесі мен қонақ үй бөлмелері салынған.