+7 (7172) 26-63-47

Сіздерді «Ұлы Жеңіс күніне» орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту мақсатында, Нұр - Сұлтан қаласының жоғары оқу орындары студенттері мен  мектеп оқушылары арасында жеңілатлетикадан эстафета жарысы өтеді! 

Спорттық шараға Нұр - Сұлтан қаласындағы орта білім беру, жоғары оқу орны және жалпы білім беру орталықтары қатысады. Айта кететін жайт бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Аталмыш жарыс Қаржы министрлігі алдынан басталып, Жеңіс даңғылы, Молдағұлова, Бейбітшілік, Кенесары көшелері бойымен өтеді. Жалпы команданың әр қайсысы 14 кезеңннен тұратын (5750 м)  бағытты жүгіріп шығады.

Эстафетаны өткізу кезінде, қауіпсіздік мақсатында жоғарыда аталған көшелер жабылады! Алдын ала жол жүру бағыттарын таңдауды өтініп сұраймыз!!!

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Нұр – Сұлтан қаласында бұқаралық спортты насихаттау; қала студенттері арасында патриоттық тәрбиені күшейту; салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу; жастарды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тарту; Қазақстан Республикасы  Тұнғыш Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылар: «Нұр – Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ; 

8888