Сіздерді Астана қаласының әкімдігі маусым айының 30 күні өтетін Астана күніне орайластырылған бұқаралық велошеруге шақырады!
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты Үркер (Ильинка) «Жасыл белдеу» тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.
Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін жалғасады. Басталуы 08:00. Тіркелу тегін.
Шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Әрбір қатысушы өз велосипедімен веложарысқа жіберіледі. Шлемнің болуы міндетті!
Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды!
Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады!