Сіздерді, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының тұрғындары арасында өтетін «ОТБАСЫЛЫҚ ЖЕҢІС» атты онлайн – жарысқа шақырамыз.
Аталмыш жарыс, ағымдағы жылдың 17 сәуір күні сағат: 10.00-де онлайн режимде ZOOM мобильдік қосымшасы арқылы өтеді. Қатысуға өтінімді (куәлік, неке туралы куәлік және баланың тууы) 16 сәуірден кешіктірмей төмендегі нөмерге жолдау қажет.
+7775 188 18 38 Каримова Гульзат
Жарысқа өтінім қағаз берген барлық Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының отбасыларынан құралған командалары қатыса алады. Команда құрамы 3 адамнан құралады яғни, әкесі, анасы, баласы.
Жарыс екі топта өтеді:
1. Әкес, анасы, 7-10 жасқа дейінгі ұлдар, қыздар;
2. Әкесі, анасы, 11-13 жасқа дейінгі ұлдар,қыздар.
Әкесі – жерден көтерілу (отжимания) жаттығуын жасап еденге қолмен тіреліп тұрып, қолдарын 90 градусқа дейін және жоғарғы нүктеге дейін міндетті түрде жеткізу.
Нәтижесі: 1 минутта қанша жаттығуды дұрыс орындауына байланысты ұпай беріледі.
Анасы - арқада жатып денені көтеру, қолдары бас сыртына құлыппен орналасқан, аяқтары 90 градус бүгілген болуы. Жаттығу әкемен бақыланады.
Нәтижесі: 1 минутта қанша жаттығуды дұрыс орындауына байланысты ұпай беріледі.
Баласы (ұлдар, қыздар) - қолдары бас сыртына құлыппен орналасқан екі аяқты отыруды орындайды,.
Нәтижесі: 1 минутта қанша жаттығуды дұрыс орындауына байланысты ұпай беріледі.
Жарыстың жалпы уақыты 3 минут. Қорытынды жаттығулардың дұрыс орындалуына бейне тексеруден кейін шығарылады. Бір дұрыс орындау - 1 ұпай. Жеңімпаздар командасы жинаған ұпайлардың жиынтығы бойынша анықталады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III орындарға ие болған командалар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
@sport_nursultan @akimat_nur_sultan
@elordasport