+7 (7172) 26-63-47

IMG 0292Бүгін Астана қаласында бокс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін VI Халықаралық турнирі басталды. Осы жылы турнирге 15 елдің өкілдері қатысады, атап айтқанда Беларусь, Үндістан, Ресей, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Швеция, Тәжікстан, Тайланд, Түрікменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстанның –барлығы 170-ге жуық боксшылар, оның ішінде 130-ы ер, 30-ы қыздар. Жарысқа ерлер арасынан барлық 10 әуесқой салмақ дәрежелері мен қыздар арасында 4 салмақ – 51-ге дейін, 57-ге дейін, 60-қа дейін және 75-ке дейінгі дәрежелерінде қатысады.

Айта кетейік, осы турнирге командалар өздерінің мықты деген спортшыларын алып келді, өйткені Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы азиялық командалар үшін – осы жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі арасында Индонезияда өтетін Азиялық ойындардың алдында өз күштерін байқап көруге мүмкіндік туады.

Бүгін рингке Қазақстан атынан 14 спортшы шығады. Бірінші күннен бастап Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Үндістандық боксшымен жұдырықтасады.

Қазақстандық бокс федерациясы турнир чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы береді: 1 орын – 2000 доллар, 2 орын – 1000 доллар және 3 орынға - 500 доллар.

Күнделікті жарыс сағат 13:00- де, ақтық жарыс сағат 13:00 – де басталады. 6 маусымнан бастап жарысты «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Сонымен бірге kfb.kz сайтында күнделікті онлайн-көрсетілім жүргізіледі. 

{gallery}news/2018/06/05{/gallery}