12 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президентінің жаздық тестін тапсырудың үшінші күні өтті. Жарыс екі спорт түрінен өткізілді. Қатысушылар «Қазақстан» спорт кешенінде 25 және 50 м қашықтықты жүзіп өтіп, «Алау» мұз сарайының тирінде пневматикалық винтовкадан 5 атыс жасауы тиіс.
Президенттік тесттер тек қана дене шынықтыруға арналған жаттығулар кешені ғана емес, еңбекқорлық пен төзімділік деңгейін көтеріп, салауаты өмір салтын дәріптейді.