+7 (7172) 26-63-47

18042017

Елордамыздың белді ЖОО студенттерінен құралған баскетбол командалары арасындағы жарыстың ақтық кездесулері Назарбаев Университетінің спорт залында өтеді. Үшінші орын үшін Назарбаев университеті мен Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті бақ сынасады,ал бірінші орын үшін Қазақ Агротехникалық Университеті мен Еуразия Ұлттық Университеті командалары арасында кездесу өтеді. Жарыстың басты мақсаты жастарды спортқа баулу,баскетбол ойынын студенттер арасында кеңінен тарату, Қазақстанда баскетбол ойынын дәріптеу.

Жарыстың басты төрешісі - Рулев А. Жеңімпаз командаларды ҚР ҰБФ бас хатшысы Алпамысов Абай Абдисаметович және ҚР ҰБФ Астана филиалының директоры Коптелов Илья Валерианович марапаттайды.

Ер балалар мен қыздар арасындағы ақтық ойындар, жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімі 18 сәуір күні өтіп, жеңімпаздарға медаль және диплом табыс етіледі. Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» «Үздік орталық ойыншы», «Үздік жаттықтырушы» номинациялары бойынша марапатталады.

Ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.