+7 (7172) 26-63-47

Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!

Сіздерді Астана қаласының әкімдігі шілде айының 13 күні өтетін Астана күніне орайластырылған «Ел жүрегі – Астана!» атты бұқаралық жүгіріске шақырады!

Өтетін орны – Ботаникалық саябақ

Жүгіріске қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы 08:00. Тіркелу тегін.

Шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды!

Мерекелік жүгіріске қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады!