+7 (7172) 26-63-47

19042017

18-19 сәуір күндері «Алау» мұз сарайында 2016-2017 жылғы қысқы маусымның жабылуына орай шорт-тректен Астана қаласының Ашық Чемпионаты өтеді. Жарысқа 136 спортшы қатысады,олардың 22-сі Оңтүстік Қазақстан облысынан, 30 адам Қостанай облысы Рудный қаласынан, 84 адам Астанадан, олардың ішінде №2 БЖСМ спортшылары бар. Шорт-тректе қыздар мен ер балалар әртүрлі дәреже бойынша сынға түседі.

Кіші жастағы  2003 жылы туылған ер балалар  (2-ші жартысы)  - 500 м, 2005 жылы туылған (1-ші жартысы) – 333 м. Кіші жастағы 2003 жылы туылған қыз балалар (2-ші жартысы) – 500 м, 2005 жылы туылған (1-ші жартысы) – 333 м.

Ер балалар/қыздар 2005 ж. т. (2-ші жартысы) – 500 м, 2007 ж. т. (1-ші жартысы) – 222 м.

Ер балалар/қыздар 2007 ж. т. (2-ші жартысы) –333 м, 2009 ж. т.. (1-ші жартысы) – 222 м.

Ер балалар/қыздар 2009 ж. т. (2-ші жартысы) және одан кіші  –333 м, 111 м.

Жарыстың басталуы 10:00.

Ұйымдастырушылар «Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «№2 БЖСМ» .