31 қаңтар Астанада жаңа жылдық бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Оған кез келген адам қатысуға мүмкіндік алып, нәтижесінде 1000-нан аса адам жиналды.
Жарыс Ботаникалық бақтың Ақмешіт көшесі тұсынан басталды. Соңғы меже ЭКСПО аумағындағы бас шырша маңы болды. Қатысушылар келген жылға орай 2024 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Іс-шара басталар алдында қатысушылар аздап денелерін шынықтырып, қыздырынып алды. Мәреге бірінші жеткен алғашқы 1000 адамға қатысқаны үшін символикалық медальдар тапсырылды. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында лотерея ойнатылып, 5 адам велосипед ұтып алды.
Жалпы биыл елордада бұқаралық жүгіру жарысы көп өткізілді. Атап айтқанда, Astana Run, Astana Half, Astana Marathon, Koktal Run жарыстары, қайырымдылық жүгіру жарысы, триатлондар, инклюзивті фестивальдер, Талғат Бигелдиновтің 101 жылдығы құрметіне арналған жүгіру және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/2024-metra-probezhali-stolichnye-zhiteli.html#sigProIdd2bb20f4b5