+7 (7172) 26-63-47

Елордадағы EXPO алдындағы алаңда жексенбі күні таңертең салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары қарая бастады. Адамды сергітетін музыка, жаттығу, тіркелу және ең бастысы жыл сайынғы Astana Marathon 2021 халықаралық марафоныны жалауын желбіретті. Биыл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.
 
Бұл марафонға 18 жастан асқан екпе алған және ПТР-анықтамасын ұсынған 16 жастан асқан желаяқтар ғана қатыса алады. Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл марафоншылар саны қатаң шектелді. Бұл ретте қатысушыларды қабылдау «Ashyq» жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Ал санитарлық нормалар толық сақталады.
 
Марафонды ұйымдастыру ісін қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолға алды.
 
Astana Marathon-2021 аясында екі қашықтық көзделген: 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 42.2 км, ал 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 км. 
 
Қатысушылар EXPO алдындағы алаңда белгіленген орынға бір сағат бұрын жинала бастады. Таңертеңгі сағат 6-дан бастап олар жылынып, әлеуметтік қашықтықты ұмытпастан жаттығулар жасады. Мұнда ұйымдастырушылар шай немесе кофе ішіп, жылынуға болатын фудкорт ұйымдастырды.
 
«Бұл менің ең алғашқы марафоным, көптен бері қатысуды қалап жүр едім, енді міне осындамын. Мұндай ауқымды шараны ұзақ күттім, рұқсат беріліп, енді міне өтіп жатыр. Мен үшін бұл алғашқы ресми старт. Марафонды 42,2 км қашықтықта толық өткіземін. Ал бұған шамамен 2 жыл дайындалдым. Соңғы 3-4 айда дайындығымды тіптен күшейттім. Өзім жүгіруді жақсы көремін және бәрін салауатты өмір салты мен спортқа шақырамын», – деді елорда тұрғыны Оксана.
 
Айта кету керек, биылғы марафон қатысушылар үшін ерекше болмақ, өйткені биыл ол "қола" статусына ие.
 
Bronze Label Road Races 2019 жылғы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан беріліп, ТМД аумағында Astana Marathon осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафон өткізді. 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) құрамына кірді, ал 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік тобына енді.