2018 жылдың 27-28 сәуір күндері, Астана қаласы, «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан - барысы» Республикалық турнирге «Астана - қыраны» іріктеу сайысы өтеді.
Турнирде бірінші орынға ие болған палуанға - «Астана - қыраны» атағы беріліп, «Қазақстан - барысы» Республикалық турниріне жолдама алады.
27 сәуір, сағат 17:00-18:00 аралығында қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Жарыс 28 сәуір күні сағат 10:00 де басталып, 10:00-14:00 аралығында (55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 кг.) салмақтағы спортшылармыз белдесетін болады.
Салтанатты ашылуы жоспарлағандай сағат 15:00 де. Ашылу салтанатынан кейін (90 кг.) салмақ дәрежесінен жоғары түйе палуандар сайысы сағат 15:00-19:00 ге дейін өтетін болады. Түйе палуандар сайысына 25-ке жуық спортшы қатысатын болады.
Шараны ұйымдастырушылар:
Астана қаласы әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, Астана қалалық қазақ күресі федерациясы.