Елордамыздың спорттық-бұқаралық өмірі сан алуандығымен кәсіпқой және әуесқой спортшыларды қуантып келеді.
Өткен жексенбі күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ)Астаналық марафоны және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) болып өтті. Тұңғыш рет бұл жарыс 2016 жылы Қытайда өткізіліп, ШЫҰ 15-жылдығына арналған еді.
Марафонға 5000-ға жуық адам қатысты, қатысушылардың арасында барлық ШЫҰ мүшелігіндегі мемлекеттердің өкілдері, сонымен қатар басқаелдерден келген атлеттер болды. Марафоншыларға,ерлер мен әйелдерге , үш түрлі арақашықтыққа жүгіру таңдауы берілді:10км,2 км 17 м символикалық жүгіріс, ең төзімді және дайындығы барлар 42 км 195 м-ге жүгірді.
Марафонға ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков,Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов,Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.Сонымен қатар олимпиада және паралимпиада жеңімпаздары: Александр Винокуров, Серік Сапиев, Бахыт Сарсекбаев, Елена Хрусталева, Дмитрий Карпов, Болат Жұмаділов, Қанат Исламов және басқа да спортшылар мен жұлдыздар марафон қашықтықтарын жүгіріп өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов және АӨСШК атқарушы директоры Гун Цзяньвей сөз сөйледі. Спорттық мерекенің сәнін қазақ эстрада жұлдыздарының концерті толықтырды.
Қашықтықтарды бағындарған спортшыларға символикалық сыйлықтар мен сертификаттар тарту етіліп отырды.
Ұйымдастырушылары «Астана қаласының әкімінің аппараты» ММ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,ҚР жеңіл атлетика Федерациясы «ШАНХЭ» Юньнаньдық мәденет және спорт компаниясы, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.