Бүгін елорданың орталық саябағында "Қолжетімді спорт" жобасының ресми ашылуы өтті.
"Қолжетімді спорт" бұл Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын спорттың 11 түріне оқытатын жоба.
Спорттың 11 түрі бойынша 84 нұсқаушы қала бойынша 8 локацияда сабақ өткізетін болады.
Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасы мен қолдауының арқасында барлық сабақтар тегін өткізіледі.
⏩ Барлық ниет білдірушілерді қаланың 6 саябағы мен 2 тыным бақта әр сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін күтеміз.
Қазан айында Сіздерді келесі спорт түрлері бойынша сабақтар күтеді: жүгіру, каратэ, скандинавиялық жүріс, асық ату, стритбол, бадминтон, фитнес, зумба.
Ең ыңғайлы орынды таңдап, жаттығуға келіңіз!
@Dostupnyi_sportkz жобасының инстаграмы мен @elordasport парақшасында жаңалықтарды қадағалаңыз.
Қолжетімді спорттың жаттығуында кездескенше!
View the embedded image gallery online at:
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/dostupnyj-sport.html#sigProId8454ee7e52
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/dostupnyj-sport.html#sigProId8454ee7e52