+7 (7172) 26-63-47

Елорда төрінде аула командалары арасында "Есіл", "Алматы", "Сарыарқа" және "Байқоңыр" аудандарының алаңдарында “AULA LIGASY” турнирінің іріктеу кезеңі маусым айының 19-20 күндері басталған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен үш ай бойы 40 іріктеу ойындарын өткізді.

Турнирге 135 командадан құралған  12 жас аралығындағы балалар қатысты.

Аталмыш турнир елорданың қырыққа жуық футбол алаңы мен қаланың сырт аймақтарын қамтыды.  

Турнирдің мақсаты-талантты жастарды анықтау және спортты дамыту, футболдан Қазақстанның болашақ өкілдерін жақсартуға қосымша ынталандыру, бұл турнир көптеген жасөспірімдер үшін спортпен айналысуға түрткі болады.  

Финалға жеткен команда Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің жүлдесіне ие болады.

Финалға өткен аула командаларын құттықтап, келесі шешуші финал ойынға сәттілік тілейміз.