12 тамыз күні қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталушылар арасында Спартакиада өткізіліп, 140 адам қатысты. Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, волейбол, қол күресі,арқан тартыс және гір көтеру спорты енді. Жарыс аясында тоғызқұмалақтан шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақатарын Астана қаласының аға жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шотаев Мақсат Есенбекұлы жүргізді.
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастыруымен өткізіледі. Спартакиаданың басты мақсаты- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, яғни салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортпен айналысуды дәріптеу. Бағдарлама жалпы республика халқына сонымен қатар жеке бас бостандығынан айырылған адамдарға да арналған.
Спартакиада ұйымдастырушылары - «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.