+7 (7172) 26-63-47

Нұр-Сұлтан қаласында 26-27 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық халықаралық турнир өтті. 
 
Турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерден 155-тен астам спортшы қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен келген спортшыларда бақтарын сынады. 
 
Турнирдің ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев, Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Айдын Тоқпаев, ҚР жеңіл атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушысы Қуандық Елжанов қатысты. 
 
Сондай-ақ турнирдің екінші күнгі марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясының президенті Алтай Көлгінов қатысты.
 
Жалпы нәтиже бойынша Қазақстан 52 медаль, Тәжікстан 9 медаль, Өзбекстан 16 медаль, Қырғызстан құрамасында 1 медаль бар.