11 қараша күні Астана қаласының «Қазақстан» спорт сарайында Республикалық Қысқы спартакиаданың ашылуы өтті. Спарткиаданы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев ашты. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық командаларды жинақтау, халықаралық жарыстарға даярлау оның қатарында 2018 жылғы ақпанда Кореяның Пхенчан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада бар. Спартакиада бағдарламасына спорттың 17 түрі енді. Ашылу салтанатына еліміздің облыстарынан команда қатысты. Астаналық шайбалы хоккей Федерациясының қолдауымен бірінші күнді ерлер арасындағы шайбалы хоккей жарысы ашты. Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы Алматы облысының командасын 6- есебімен жеңді. Шығыс Қазақстан облысының командасы Павлодардан 4-3 есебімен басым түсті. Жарыс 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Ойындардың жабылуы Алматы обл, Талғар қаласының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді.
Шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының спорт басқармасы.