Астана және Ақмола облысының барлық жастағы 200-ден аса шаңғы тебушілері жаңа қысқы маусымды ашты. Сенбі күні таңертең Астаналық саябақтағы шаңғы-роллерлік трассада «Алғашқы қар» жарыстары өтті.
Шаңғы жарыстары 1 км қашықтыққа символикалық жүгіруден басталды. Биылғы қыстың алғашқы бәйгесін Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастап берді. Жарыс қатысушыларының арасында кәсіпқой спортшылармен бірге, елордадағы спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, шаңғы спортымен шұғылданатын әуесқойлар және спортсүйер азаматтар бар. Жарыс жолына шыққан спортшылар қатарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Қазақстан Шаңғы жарыстары федерациясының І Вице-президенті Никита Девяткин, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасышың жетекшісі Болат Мажағұлов және шаңғы спортының ардагерлері көрінді.
«Астана әкімдігі елордада бұқаралық спортты дамытуға күш салып келеді. Көптеген марафондар, веложарыстар, ересектер мен балаларға арналған көңілді жарыстар өткізіледі, ал бүгінгі мереке шаңғышыларға арналып отыр. Мемлекет басшысы халық арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығы туралы айтып келеді, және көріп отырғанымыздай, елордада тіпті қыстың өзінде де бұқаралық спорттық шараларға қатысушылар саны көп», - деп атап көрсетті Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов.
«Алғашқы қар» жарысы шеңберінде 16 медальдар жинағы, дипломдар мен сыйлықтар сарапқа салынды. Ал жеңіс тұғырынан көріне алмаған қатысушылар ырғақты музыканың сүйемелдеуімен көңіл көтеріп, жаттығушымен бірге жаттығу жасап, алып қуыршақтармен бірге көңілді ойындарға қатысып, бір серпіліп қалды.
«Біз еліміздің және елордамыздың спорт саласындағы басшыларға шаңғы жарыстарын дамытуда көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Әрине, спорттың бұл түрі жақын уақытта Қазақстанда Скандинав елдеріндегідей кеңінен таралатынын армандаймыз, ал әзірге сол арманға жету жолында тырысып бағудамыз», - деп мәлім етті Қазақстан Шаңғы жарыстары федерациясының І Вице-президенті Никита Девяткин.
Жарыстарға 8 топтағы шаңғышылар қатысты:
- Күш құрылымдары-3 км
- 2008 жылғы және одан кіші жастағы кішілер тобы, қыздар/ұлдар– 500 м
- 1968 жылғы және одан жоғары жастағы ардагерлер, ерлер– 5 км, әйелдер– 3 км
- 2005-2007 жылғы ересек ұлдар және қыздар, қашықтықтар– 2 және 1 км
- 2003-2004 жылғы жігіттер мен бойжеткендер, қашықтықтар– 5 және 3 км
- 2001-2002 жылғы ересек жігіттер мен бойжеткендер, қашықтықтар– 10 және 5 км
- 1999-2000 жылғы юниорлар, қашықтықтар– 10 және 5 км
- 1998 жылғы және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер, қашықтықтар- 10 және 5 км
Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік медальдармен және дипломдармен, және ұйымдастырушылардың атынан құнды сыйлықтармен марапатталды.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/lyzhniki-stolitsy-otkryli-novyj-lyzhnyj-sezon.html#sigProId3780f2434c