Халқымызда «Алғыспен ер көгерер», «Алғыс алған арымас» деген дана сөздер бар. Бұл сөздердің түп-төркінінде үлкен мән-мағына жатыр.
Бейбітсүйгіштігімен күллі әлемге үлгі болған еліміздің ішкі ауызбіршілігінің сақталып, тұрақты дамуына атсалысқан, бауырмал болмысымен танылған барша Астана тұрғындарына айтар алғысымыз шексіз.
Бір-бірімізге деген алғысымыз шынайы, көңіліміз кіршіксіз, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болғай!
Алғыс айту күні тағы да құтты болсын!