+7 (7172) 26-63-47

IMG 6977Астана қаласында триатлоннан Әлем Кубогы аяқталды. Аталмыш жарысқа ерлер мен әйелдер арасында кәсіпқой атлеттер сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Елорданың мерейтойына арналған жарысқа әлемнің әр түкпірінен 130 атлет қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның намысын 3 спортшы қорғады.

Бірінші күні байрақты бәсекені бұрымдылар бастады. Алайда арулар ерке Есілге түсе алмады. Күннің суығынан спортшылар жүзген жоқ. Бірден жүгіріп кетті. 5 шақырым жүгіру, 40 шақырымелосипед тебу, кейіннен тағы да 10 шақырым жүгіріп өтті. Бұл жарысқа Қазақстандық спортшы қыздарымызда бағын сынады. Олар - Арина Шульгина мен Анастасия Автущко.

Әйелдер арасында үштікке Франция мен Италия өкілдері кірді. Бірінші болып француз Сандра Доде келді. Ол мәре сызығын 3 сағат 4 минутта кесіп өтті. Екінші орынды оның отандасы Эмили Морье алса, қоланы Италия спортшысы Ангелика Олмо алды. Қазақстандық спортшы қызымыз Анастасия Автущко велосипед жарыстары кезінде жарыстан шықты.

Түстен кейін күн жылынып, дуатлон триатлонға айналды. Бірақ судың салқындығынан жігіттер 1 жарым шақырымның орнына 750 метр ғана жүзіп, артынан велосипедке отырып, 40 шақырымдық жолға шықты. Содан кейін олар 10 шақырым жүгіріп өтті. Ерлер арасында ресейлік Дмитрий Полянскийдің асығы алшысынан түсті. Екінші орынға – Австралияның спортшысы Марсель Уолкингтон, ал үшінші орынға Рафаэль Орельен Францияның атлеті көтерілді. Қазақстандық Семен Пивоваров 55-ші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, Әлем кубогі Астана қаласының 20 жылдығына арналған. Мұндай деңгейдегі жарыс ТМД елдері бойынша өтпеген екен. Дүбірлі додаға 38 елдің атлеттері қатысып, бақ сынасты. Әлем кубогына жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар атанған спортшылар ғана қатысып, олар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, өзара мықтыны анықтады.

{gallery}news/2018/05/20-1{/gallery}