+7 (7172) 26-63-47

prewkiokushin

Бүгін таңертең Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ құрамасын елорда әуежайында қарсы алды. Олар Одесса қаласында өткен Kyoukushin Karate Oyama World Championship халықаралық чемпионатында 12  алтын, 4 күміс,1 қола жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік,чемпионат 27 қаңтар күні аяқталып,біздің құрам әртүрлі жас және салмақ дәрежесіндегі спортшыларды алып барды. Әрқайсысы Әлем чемпионы атану үшін жақсы дайындықпен келген мықты қарсыластармен сынға түсті.

Жарқын жеңістерімен көзге түсіп, ел намысын әлем ареналарында қаймықпай қорғап жүрген спортшылар арасында елордамыз кумитэ бойынша 50 кг салмақта айқын жеңіске жеткен Сауытова Мадинаны қарсы алды. Қазақстанның 50 дарынды балалары қатарына енген бұл талантты қыз небәрі 17 жасында Еуропа мен Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы болып үлгерді. Өзінің Одессада алған әсері жайлы ELORDASPORT.KZ-ке берген сұхбатында айтып өтті.

- Өткен турнирден қандай әсер алдың және татамиге шыққан қарсыластарыңның жалпы дайындығын қалай бағалайсың?

- Әрине, мен әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын,бала кезімнен арманым еді. Чемпионаттан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын,жарыс өте жоғары дейгейде өтіп,жекпе-жектер жарқын әрі есте қаларлықтай болды,әлемнің әр бұрышынан мықты спортшылар келді, сондықтан маған жеңіл болмады.

- Жеңіс жолында қандай қиындықтарға тап болдың?

- Жеңіс жолы оңайға соққан жоқ. Бізде өте қатаң жаттығу жиындары өтті,көп тер төгіп, жаттығуға тура келді, сол себептен де бұл жеңістің дәмі аса тәтті.

- Мақсатқа жетуге және жңіске ие болуға саған не көмектеседі?

- Қайсарлық, және міндетті түрде күнделікті жаттығу.

- Жұлдызды спорт «Олимпына» сені бапкерің Имашев Азамат Болатұлы  алып келді. Бапкеріңнің спорт кеңістіктерін бағындыруда қандай ықпал тиді деп ойлайсың?

- Менің сенсэйім Имашев Азамат Болатұлы    екінші әкем десе де болады, мені барлық жағынан-дене тәрбиесіне баулып және рухани дайындай білді. Мен 9 жасымнан бастап дәл осы кісіге жаттығуға келгеніме қуаныштымын,маған сіңірген еңбегі зор. Бұл жеңіс тек менің ғана емес, бапкерімнің де жеңісі.

- Болашаққа жоспарың қандай?

- Бір орында тоқтап қалмай,Қазақстанның байрағын биік тұғырларда көтеріп, барлығын жеңіспен қуанта беру.


karate1

karate2

end