+7 (7172) 26-63-47

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндерді бекіту туралы» қаулысына сәйкес, мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі.
 
Бұл мереке біздің еліміздің азаматтары үшін маңызды, себебі ҚР аумағын мекендейтін әрбір этностың мәдени тұрғыдан сан алуандығы мен бірегейлігін көруге мүмкіндік береді.
 
Мекеме қызметкерлері елімізде тұрып жатқан этностар туралы презентациялар дайындап, Қазақстандағы тілдерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар кадр бөлімінің маманы Жанар Нуртаева ұжымға «тілдер дамыту» жайында жинаған пайдалы ақпаратымен бөлісті.