+7 (7172) 26-63-47

5b1c49b4565c71528580532

Кеше Астанада Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің «Денис Тен және оның достары » атты мұзды шоуы өтті.

Мәнерлеп сырғанау жұлдыздары, жанды музыка, тетарлық қойылым, инновациялық техникалық элементтер –осының барлығы Денис Теннің мұзды шоуынан көрініс тапты. Аталған шара Астананың 20 жылдығына орай ҚР мәдениет және спорт министірлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылд. Ерекше шоуда Каролина Костнер, Елена Радионова, Алена Севченко, Бруно Массо, Ян Хан және тағы басқа мәнерлеп сырғанаудан әлемдік деңгейдегі спорт шеберлері өнер көрсетті. Әрбір мәнерлеп сырғанаушы өнерімен тәнті етумен қатар Қазақстан  туралы ыстық ықыластарымен бөлісіп, оның ішінде Астананың әлемде ешқандай қалаға ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі бар екенін айта келе елорданың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Денис Тен көрсеткен ерекше қойылымдардың бірі – Димаш Құдайбергеннің әніне дайындалған арнайы бағдарлама. Көрермендер үшін шараның басты тосынсыйы шоу соңында Денис Тен және оның достары қазақтың ұлттық киімінде, қазақ ұлттық-симфоникалық оркестірінің қолдауымен өнер көрсетуі болды.

Тәнті болған көрермендер орындарынан тұрып, ду қол шапалақпен ерекше ықыластарын білдірді. Мұзды шоудағы қойлымдар мен айрықша декорация, әдемі костюмдер мен мәнерлеп сырғанаудағы қайталанбас қимылдар Астана тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.