Қазақстан Республикасы елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, боулингтен жарыс өткізілді.
Жарысқа жалпы 9 команда қатысты. Сайыс барысында қатысушылар 9 топқа бестен бөлініп, өз бейімділіктері мен ерік күштерін көрсете білді. Жүлделі орындарға ие болған командаларға мақтау қағазы мен медальдар табысталды.
Шараны ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
{gallery}news/2018/05/20{/gallery}