60 жастан асқан зейнеткер ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен жолдастық кездесу өткізілді. Аталмыш жарыс Нұр-Сұлтан қаласында «Есіл» ауданынының ардагерлер арасында қалалық «Ардагерлер» орталығында өтті.
Спортты жанына серік еткен ардагерлер теннистен тартысты ойын көрсетті. Сайысқа қатысушылар өз қарсыластарын жер соқтырып, жеңуге тырысты. Әрбір ойыншыға 5 минут берілді. Осы уақыт ішінде қарсыластан басым болған ойыншы жеңіске жетіп, Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ бекіткен сыйлықтармен, дипломдармен және естелік медальдармен марапатталды.
«Қаламызда қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі – үстел теннисі. Бұл нағыз бұқаралық ойын. Әрі қолжетімді. Жалпы жарыстың мақсаты ардагерлерді дене тәрбиесі және спорт пен айналысуға ынталандыру, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген жарыста санитарлық талаптар толық сақталды», - дейді жарыс ұйымдастырушысы Өнербек Ерлан
View the embedded image gallery online at:
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/sostoyalis-sorevnovaniya-po-nastolnomu-tennisu-sredi-veteranov.html#sigProId14bc573370
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/sostoyalis-sorevnovaniya-po-nastolnomu-tennisu-sredi-veteranov.html#sigProId14bc573370