14 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Коммуналдық шаруашылықтар қызметкерлері арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бастаманың авторы қаланың маңызды қызметтерінің бірі, сумен жабдықтау және суды бұрумен қамтамасыз етуші «Астана Су Арнасы»КМК. Қатысушылар футбол, волейбол, шахмат, дойбы,үстел теннисі және бильярдтан сынға түсті. Салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар ретінде «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы Маржикпаев Берик Боромбаевич, «Астана-Энергия» АҚ төрағасы Есенжолов Еркеғали Темиргалиевич және «Астана Су Арнасы» бас директоры Зейнулкабден Табиғат Кабденұлы келді.
Спартакиаданың ұйымдастырушысы «Астана Су Арнасы».