6 қаңтар күні Астана қаласының тасжолында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында шаңғы тимбилдингі өтті. Жарысқа 57 адам қатысты. 18 әйел адам және 39 ер адам. Шаңғы тебушілерді қолдауға 80 көрермен келді. Салтанатты ашылу рәсімінде «Нұр Отан партиясының хатшысы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы жарыс қатысушыларына сәттілік пен табыс тілеп, сөз сөйледі.
Жарыс ұйымдастырушылары «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, «Нұр Отан» партиясының Астаналық филилалы, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы»ММ, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
Жарыс нәтижесі
Ерлер
1 орын – Сарсембеков Нажен
2 орын – Султанов Артур
3 орын – Садвокасов Сактаган
Әйелдер
1 орын – Тулепбергенова Айгуль
2 орын – Калиева Индира
3 орын – Жампеисова Асель