15 наурызда елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Наурыз мейрамына орайластырылған «Қажымұқан жолы – student cup» көпсайысы өтеді.
Спорттық іс-шараны өткізу туралы бастаманы «Қазақстан спортшылар одағы» мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің амбассадоры, Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников көтеріпті. Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Мақсаты – ұлттық спорт дәстүрлеріне үндеу, қазақ халқының тарихи мұрасына қызығушылықты арттыру, жас спорт дарындарын қолдау.
Жарыстың символы ретінде бүкіл әлемге қазақ күресі мектебін дәріптеген, аты аңызға айналған қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов бейнеленген.
Көпсайыс бағдарламасына кіретін бес сайыстың әрқайсысының атрибуттары ерекше сәт тудырып, қатысушыларға бабалардың рухына енуге мүмкіндік береді.
Жарыс бағдарламасында – қапты (50 кг) биіктікке көтеру; статикалық тізбекті ұстау (гір 24 кг), болат арматураны майыстыру (14 мм * 60 см); қапты жолақ арқылы лақтыру (80 кг), арқан тарту.
Ең мықтының кім екенін анықтау үшін әр жоғары оқу орнынан 2 спортшыдан барлығы 32 қатысушы бақ сынайды.
Жүлделі орындарға ақшалай сертификаттар қарастырылған. Турнир 15 наурыз күні сағат 11:00-де басталады.