+7 (7172) 26-63-47

"Қолжетімді спорт" жобасы қатысушыларды ?️26 қарашада сағат 12:00-де елордалық "Астана" орталық саябағында шаңғыроллер тасжолында өтетін кездесуге шақырады.

Кездесу аясында біз "Еуразия" скандинавиялық серуендеу мектебімен бірге скандинавиялық жүріс фестивалін өткіземіз.



Қатысушылар орталық саябақта шаңғы жолымен 1 шақырымдық символдық қашықтықты жүріп өте алады.

⏰ Басталуы 12:00, 26 қараша

"Еуразия" скандинавиялық серуендеу мектебінің негізін қалаушы @hodi_kz Максим Прощенко фестиваль қатысушыларына тегін шеберлік сабағын өткізеді.

Фестивальдің әрбір қатысушысы сыйлық ретінде футболка мен қатысқаны үшін сертификат алады.

Барлық қатысушылар фестиваль аяқталғаннан кейін бірден өтетін жоба серіктестерінің жүлделер ұтысына қатыса алады.

✅️ «Қолжетімді спорт» жобасы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді @akimat__astana

Спорт мерекесінде кездескенше!