+7 (7172) 26-63-47

ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, а.ж. 28 маусымнан қаланың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

А.ж. 2-4 шілдесінде «Есіл», «Нұра» және «Алматы» аудандарында осындай шектеулер енгізілетін болады.

Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.