+7 (7172) 26-63-47

Алдағы 13 шілде күні өтетін Астана күніне орайластырылған «Ел жүрегі – Астана!» атты бұқаралық жүгірістің демеушілерін ұсынамыз:

«Arzu» су компаниясы
«Winox» фитнес клубы

Жүгіріс соңында лотерея болады. Оған қоса, «Winox» фитнес клубы 3 сертификат, 15 сынақ сабақтары мен 15 қонақ сапарларын ойнатады.

Жарысқа қашықтықты еңсеруге қабілетті барлық ниет білдірушілер шақырылады.

Үлкен жарыс - 4000 м
Кіші жарыс - 1300 м

Өтетін орны – Ботаникалық саябақ

Жүгіріске қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу жарыс күні, яғни 13 шілде сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы 08:00. Тіркелу тегін.

Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды! Барлық қатысушыларға мәре соңында медальдар беріледі.

Қатысушылар лимиті - 1000 адам.