+7 (7172) 26-63-47

Ересектер арасындағы грек-рим, әйелдер және еркін күрестен 1-5 ақпан күндері аралығында Астана қаласында ел біріншілігі ұйымдастырылады.

Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген спортшылар қатысады. Айтулы бәсекеде елордалық бозкілем шеберлері де бақ сынайды.

Аталған турнирден соң Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Стамбулда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болмақ.

Айта кетелік, ресми ақпарат бойынша, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков пен грек-рим күресінен команда мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов ел чемпионатынан босатылды. Екі балуан да Париж Олимпиадасына жолдама алғандықтан, олар мақсатты түрде дайындыққа кіріспек.

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады

ЖАРЫСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:

 1 ақпан. грек-рим күресі – 55, 63, 72, 82 және 97 келі

 2 ақпан - грек-рим күресі - 60, 67, 77, 87 және 130 келі

 3 ақпан - әйелдер күресі - 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі

 4 ақпан – еркін күрес - 57, 65,74,86 және 92 келі

5 ақпан – еркін күрес - 61,70,79,97 және 125 келі