+7 (7172) 26-63-47

Астана қаласындағы шаңғы - роллер тас жолында, Кеңес əскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Астана қаласының жоғары оқу орындарының əскери кафедралары арасында шаңғы эстафетасынан жекелей - командалық жарысы өтті.

Қатысушыларымыз эстафетаның жеті шақырымды қашықтығын бағындырды (ерлер балалар үшін 2 км, қыз балалар үшін 1 км).

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Салауатты өмір салтын насихаттау;  Шаңғы спортын дамыту;  Жоғары оқу орындары студенттері арасында қарым- қатынасты нығайту; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау.  

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді I, II және III орындарға ие болған командаларды  Астана қаласының «Мәдениет және спорт басқармасы» және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» дипломдарымен, медальдарымен  жəне  кубоктарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының «Мәдениет жəне спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекция» КММ.  

Жарыс қорытындысы

1 орын - Қорғаныс университеті

2 орын - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 

3 орын - М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті

4 орын - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

@astana_akimat

@madeniet_sport.astana