25-26 ақпан күндері Астана қаласындағы Қазақ эканомика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, елордамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада аясында шахмат пен тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Аталмыш іс шара Қазақстанның Тәуелсіздік алған күнінен бастап өткізіліп келеді.
Жарыстың мақсаты:Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды қаланың құрама командасына іріктеу; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; қала студенттері арасында патриоттық тәрбиені күшейту; салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу; жастарды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тарту; Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ;
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы
Тоғызқұмалақ (7 команда)
1 орын - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2 орын - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
3 орын - Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті
Шахмат (10 команда)
1 орын - Назарбаев Университеті
2 орын - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/v-astane-proshli-sorevnovaniya-po-shakhmatam-i-togyzkumalaku-v-ramkakh-universiady.html#sigProId7767f00d9a